Нюрнберг процесінің құжаттары аукцион арқылы сатылады

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Нацистік қылмыскерлер үстінен жүргізілген Нюрнберг процесі кезінде прокурорлар пайдаланған құжаттар жинағы Израильде өтетін аукционда сатылмақ, деп хабарлайды Лента.ру Associated Press-ке сілтеме жасап.

Нюрнберг процесінің құжаттары аукцион арқылы сатылады

Сатылымға қойылар алдында бұл материалдар Берлиннің Еврей білім беру орталығында 27 қаңтарға дейін көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Үшінші Рейх құжаттарының ағылшын тіліне аударылған нұсқаларын прокурорлар сотталушыларға, оның ішінде Герман Геринг мен Рудольф Гесске қарсы айып тағу үшін пайдаланған.

Аталған құжаттардың арасында нацистік көшбасшылардың «еврей мәселесін шешуге» арналған кездесуінің есебі де бар. Мұндай жүздесулерде әдетте Еуропаны мекендейтін еврей халқын жаппай қырып-жоюға қатысты жоспарлар талқыға салынатын болған.

Израильдегі ескі заттар сатылатын базарлардың бірінен табылған көне құжаттар 29 қаңтар күні сатуға қойылады.