О.Рыпакова алдағы өмірін де спортпен ұштастырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мен алдағы өмірімнің спортпен ұштасып жатқанын қалаймын. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен 17-ші Азия ойындарының қорытындысына арналған брифингте Лондон Олимпидасының чемпионы Ольга Рыпакова осылай деді.
«Спортшының мансабы мәңгілік емес. Біз қартайғанша спортпен айналыса алмайтындығымыз түсінікті жайт. Ерте ме, кеш пе барлығы да аяқталады. Дегенмен, менің алдағы өмірімнің де спорпен байланысты болғанын қалаймын», - деді даңқты спортшы.
Сонымен қатар ол еліміздегі спорттың дамуына қолынан келгенше көмек беруге, бұқаралық спорт пен жеңіл атлетиканы және балалар спорттық қозғалыстарын дамытуға ниетті екендігін де жеткізді.