О.Сәбденнің «Экономика» атты 10 томдық таңдамалы еңбегі жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғалымның айтуынша бұл еңбекке Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері жөніндегі таңдаулы жұмыстары енгізілген.
Шара барысында еліміздің дамуының жаңа сапасын қамтамасыз ететін және дағдарыстан кейінгі экономиканың өзекті мәселелерін шешетін монография мен мақалалар топтастырылған 10 томдық жан-жақты талқыланды.
«Жалпы, қазіргі біздің бастан кешіріп отырған жағдайымыз өте күрделі кезең десек болады. Бұл кезең бүкіл дүниежүзінің экономикалық дағдарыстан кейінгі жандану, жаңғыру кезеңі. Осыған байланысты ғылым, техникамыз жедел дамуының арқасында инновациялық үрдіс дүниеге келіп жатыр, экономика жаңа пәрмен алуға тиісті. Осы тұста экономика ғылымының рөлі өте маңызды, сондықтан теориялық қолданбалы негіздер, стратегиялық жоба жасауымыз керек. Ал бүгінгі Оразалы Сәбденнің 10 томдығы осы стратегиялық жоба мен тұспа-тұс келіп отыр», дейді экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Аманжол Қошанов.