О. Шишигина: 2022 жылғы Олимпиаданың ең қымбат жобасы - шана-бобслей трассасы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Қазақстан үшін алдындағы Ресейде өткен ойындардан арзанырақ түседі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина хабарлады.

О. Шишигина: 2022 жылғы Олимпиаданың ең қымбат жобасы - шана-бобслей трассасы

«Қысқы Олимпиадаға бірнеше спорт объектісі ғана салынады. Ең қымбаты - шана-бобслей трассасы болмақ. Көптеген маңызды спорттық құрылымдар 2017 жылы Универсиадаға дейін салынады. Ол мұз айдындары, олимпиадалық ауыл», - деді О. Шишигина.

Оның сөзіне қарағанда, барлық спорт нысандары халықаралық стандартқа сай салынады.

Еске сала кетейік, 2 қазанда Норвегия 2022 жылы Ослода қысқы Олимпиада ойындарында өткізуден бас тартқаны белгілі болды. Осылайша 2022 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруда Алматының жалғыз бәсекелесі Бейжің ғана қалды.