О. Шишигина Мәжілістің экология комитетіне сайланды
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Ольга Шишигина палатаның Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің құрамына сайланды.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында осындай шешім қабылданды.
Еске салсақ, өткен аптада Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Ольга Шишигина Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелген болатын.
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылы Алматы қаласында туған. Қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылы шұғылдана бастады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірді. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және бірнеше дүркін жүлделерге ие болды.
1994 жылы Санкт-Петербор қаласында өткен ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болды, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде алды және 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы болды.
2001 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Одан кейін жарақат алуына байланысты Шишигина үлкен спортпен қоштасты.
2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт академиясын бітірген. Осы Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.
І дәрежелі "Барыс", "Құрмет", "Дарын" ордендерімен марапатталған.