Ө. Шөкеев Астана қаласын тасқын судан қорғауға арналып салынып жатқан бөгеттің құрылыс жұмыстарымен танысты

күйектің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Астана қаласын тасқын судан қорғауға арналып салынып жатқан бөгеттің құрылыс жұмыстарымен танысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Елорда маңында салынып жатқан бұл бөгет бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Ө. Шөкеевке Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндап берді. Бүгінде құрылысқа 405 адам және 300-ге тарта арнайы техника жұмылдырылып отыр. Оның айтуынша, құрылыс және бетон жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

 Қыркүйектің 1-індегі мәліметке қарағанда, бұл бөгетте бетон төсеу жұмыстарының көлемі 24,053 мың текше метрді құрайды. Қорғау бөгетінің ұзындығы 31,1 шақырымға созылып жатыр. Биіктігі 10 метр. Ал бас гидроқұрылыстың суды өткізу қуаты секундына 450 текше метр.

 Айта кетейік, бөгеттің құрылыс жұмыстарын «Селденқорғауқұрылыс» РМҚК жүзеге асыруда.

«1948 жылы дәл осы жерде секундына 1200 текше метр су ағып, сол кезде қаланың біраз жерін тасқын су басқан болатын. Осындай апаттардың алдын алу үшін осы қорғаныс бөгеті салынып жатыр. Негізінен  жоспар бойынша бұның құрылысы 2011 жылы аяқталуы  тиіс еді. Алайда қарқынды жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың қыркүйегінің аяғында бөгет жұмыстары салынып бітеді», деді Ө. Шөкеев.

 Оның айтуынша, суды босататын құрылыс нысаны да тапсырылуға жақын. «Ендігі мәселе, Есіл өзені мен бөгетті біріктіретін су арнасын қазу жұмыстарын жүргізу керек. Бұған Астана қаласының әкімдігі жауапты. Біз Үкімет тарапынан бұл жобаға қажетті қаржыны бөлетін боламыз. Осы жұмыстардың нәтижесінде алдағы көктемде еріген қардың суын осында жинап, суды жаз бойы Есіл өзеніне босататын боламыз», деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

 Жобаның жалпы құны 13 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Аталған су арнасының құрылысына 900 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар