11:44, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Ө.Шөкеев: «KEGOC» 2013 жылдың соңына дейін IPO бойынша акцияларын саудаға шығарады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - «KEGOC» акционерлік қоғамы «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасының аясында өз акцияларын жоспарланғандай жыл соңына дейін саудаға шығарады, деп хабарлады мемлекеттік бағдарламаның ресми сайтынан.

Бұл ақпаратты halyk-ipo.kz порталында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев растады.
«Қазіргі жағдай бойынша, жыл соңына дейін «KEGOC»-тың IPO бойынша жоспарлары сақталады», - деді Ө.Шөкеев.
«Самұрық-Қазына» басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта «KEGOC» активтерін бағалау жүріп жатыр.