Ө.Шөкеев: «КЕГОГ» халықтық ІРО-ға шығуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «КЕГОГ» халықтық ІРО-ға шығуға дайын. Бұл туралы КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Ө.Шөкеев: «КЕГОГ» халықтық ІРО-ға шығуға дайын

«ІРО өте маңызды бағдарлама деп санаймын. Өйткені, тіпті он пайыз ғана акцияның бағасы ашық нарықта белгіленуі компанияның айқындығын арттыруға септігін тигізеді», - деді деді Ө.Шөкеев.

Қор басшысының атап өтуінше, халықтық ІРО бағдарламасына шығарылған «Қазтрансойл» компаниясының акциясын 34 мың жеке тұлға сатып алған. Бүгінде акциялар құны бастапқы құнынан 50 пайызға өсім көрсеткен.

«Сондықтан бұл өз қаржыңды барынша тиімді салу деп білемін. Екінші жағынан ендігі уақытта «Қазтрансойлда» жүргізілетін барлық процесстер жария болып отыр. Біздің барлық компанияларда осылай болуы тиіс. Бізде халықтық ІРО бойынша нақты бағдарлама бар. Біз желтоқсанда «КЕГОГ»-ты шығарамыз, барлық дайындық жұмыстары жүргізілді. Құны мен орналастыру құрылымын айқындау ғана қалды. Одан кейін біздің бағдарламамыз бойынша «Самұрық Энерго», «ҚТЖ», «Қазатомөнеркәсіп» компанияларын дайындаймыз», - деді ол.