Ө. Шөкеев «Самұрық-Қазына» АҚ-ында Қордың инвестициялық қызметіндегі мәселелер жөнінде жиналыс өткізеді

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Ертең «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев 2013 жылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қордың инвестициялық қызметіндегі мәселелер бойынша жиын өткізеді, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Ө. Шөкеев «Самұрық-Қазына» АҚ-ында Қордың инвестициялық қызметіндегі мәселелер жөнінде жиналыс өткізеді

Жиын кезінде Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай осы жылы іске қосылуы жоспарланған жобалар жайында баяндайды.

Сондай-ақ, жиында Қор компаниялар тобының жетекшілері де есеп береді.