Ө. Шөкеев: «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алуларында жергілікті қамту 75 пайызға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қарасты компаниялар тобының сатып алуларында жергілікті қамту 75 пайызға жетті. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті.

Ө. Шөкеев: «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алуларында жергілікті қамту 75 пайызға жетті

«Қор бес жыл ішінде отандық бизнесті қолдау бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Айталық, сатып алулардағы жергілікті қамту 2010 жылғы 50 пайыздан 2014 жылы 75 пайызға артты. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қор компанияларының сатып алу көрсеткіші 3,9 триллион теңгені құраған. Соның ішінде сатып алулардың 75 пайызы жергілікті қамту болса, олардың ішінде тауарлар бойынша 63 пайыз, жұмыс пен қызметтер 82 пайыз», - деді Ө.Шөкеев.

Оның айтуынша, мұндай нәтижеге Қор тарапынан сатып алулар ережесіне енгізілген преференциялар арқасында қол жетіп отыр.