Ө.Шөкеев «Самұрық-Қазына» портфельдік компаниялары Директорлар кеңестері мүшелерімен кездесуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қордың портфельдік компанияларының Директорлар кеңестерді мүшелерімен 8-ші кездесу өткізуде.

 Ө.Шөкеев «Самұрық-Қазына» портфельдік компаниялары Директорлар кеңестері мүшелерімен кездесуде

«Қор компаниялар тобын трансформациялаудың негізгі сипаттары әлеуметтік тұрақтылық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау болуы тиіс. Директорлар кеңестері алдына қойылған міндет - компанияларымызды осы көрсеткіштер бойынша көшбасшыларға айналдыру. Өндірістік ұжым үшін әлем талаптарына сай еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажет», - деді кездесуді ашқан Ө.Шөкеев.

Оның атап өтуінше, трансформация аясында Директорлар кеңестерінің рөлі күшейтілді. Сондықтан Директорлар кеңестеріне компанияларда тұрақты даму стратегияларын әзірлеу мен енгізу үшін жауапкершілік жүктеледі.

«Трансформация мен қор компаниялары тобының барлық бастамалары біздің бизнестің тұрақтылығын, яғни экономиканың дамуын және Қазақстанның болашақ ұрпағының әл-ауқатын қамтамасыз етуге тиісті баршамызға біздің бастамалардың тиімділігін, олардың ұлттық және ғаламдық деңгейдегі табыстылығы үшін жауапкершілікті сезіну қажет», - деді ол.