Ө.Шөкеев тұрғын үй құрылысын, ТКШ-ны қайта жаңғырту және сумен қамтамасыз ету салаларындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

АНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев облыс, Астана және Алматы әкімдіктері басшыларының қатысуымен тұрғын үй құрылысын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту

Ө.Шөкеев тұрғын үй құрылысын, ТКШ-ны қайта жаңғырту және сумен қамтамасыз ету салаларындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

және сумен қамтамасыз ету салаларындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын ағымдағы жылдың алты айында жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат берді.

Кеңес барысында облыс әкімдіктерінің басшылары жөндеу жұмыстарын келесі аптадан бастай беруге дайын екендігі туралы есеп берді.

Сондай-ақ «Ақ бұлақ» бағдарламасының аралық қорытындылары туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша Ө.Шөкеев уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.