О. Сүлейменов тұлғасының үлгісі арқылы жастарды тәрбиелеу моделі тәжірибесі насихатталмақ

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда ҚазҰАУ «О. Сүлейменов тұлғасының үлгісі арқылы жастарды тәрбиелеу моделі» атты студенттік ұйымдардың республикалық жастар форумын өткізеді.

О. Сүлейменов тұлғасының үлгісі арқылы жастарды тәрбиелеу моделі тәжірибесі насихатталмақ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, форумның алдына қойып отырған басты мақсаты - белсенді студент жастарды біріктіру, олардың өзекті проблемаларын талқылау, басқа жоғары оқу орындарының жастар ұйымдарымен бірігіп жұмыс істеу жолында тың идеялар мен бастамаларды көтеру болып табылады. О.Сүлейменовтың тұлғасы арқылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттерді тәрбиелеу моделінің тәжірибесін насихаттау. Бұл бағытта ілгері басқан игілікті істерді жиналғандардың назарына ұсыну. Аталған форум Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткелі отыр.
Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері, республикадағы жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, жастар саясаты комитеттерінің төрағалары мен студенттік белсенді жастар өкілдері қатынасатын болады.

Форум жұмысы барысында ҚазҰАУ студенттік орталықтарының тұсаукесері, ҚазҰАУ ғалым жастары Альянсыны тұсаукесері, О.Сүлейменов шығармашылығы бойынша әдеби-сазды композиция, дебат, шеберлік - сыныбы, жастар алеясын отырғызу және басқа да шаралар ұйымдастырылады.