О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 70 жылдығына арналған шығармашылық көрме өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 27-сі күні Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 70 жылдығына арналған шығармашылық көрме және салтанатты басқосу өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көрмеге қолданбалы өнер шеберлерінің бірнеше буынның жұмыстары ұсынылады. Атап айтқанда, М.Кенбаев, С.Айтбаев шығармашылықтарынан бастап, ХХІ ғасыр суретшілеріне дейінгі аралық қамтылмақ. Онда киім дизайны мамандығының оқушылары ұсынған киім үлгілері де көрсетіледі. Шара аясында А. Жұбановтың «Өнертанудың атасы» кітабының таныстырылымын өткізу де жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум