ОАК-да кезектен тыс аттестаттаудан өткен 508 қызметкердің 63-і алып отырған қызметтеріне сай емес - Қаржы полициясы

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Орталық аппараттың және тағайындалуы Агенттіктің номенклатурасына кіретін аумақтық қаржы полициясы орагандары мен Қаржы полициясы академисының қызметкерлері аттестаттауды Агенттік жанындағы Орталық аттестаттау комиссиясында өтті.
Осы комиссияда аттестаттауды 533 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 19 қызметкер орталық аттестаттау комиссиясының жоғары талаптарын біле тұра, лауазымдарынан босату туралы баянаттар жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, 2-і Орталық әскери-медициналық комиссияға қаралуға жіберілді, 4 қызметкер уақытша еңбек қабілетсіздігіне байланысты аттестаттаудан өтпеді.
Нәтижесінде Орталық аттестаттау комиссиясынан 508 қызметкер өтті, олардың 283-і Агенттіктің қызметкерлері, 225-і аумақтық департаменттер мен Қаржы полициясы академиясының қызметкерлері.
Аттестаттауға жататын қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасы, ойлау қабілеттігін анықтауға бағытталған тестілеуді және әскери дайындық нормативтерін тапсырып, психолог мамандарымен сұхбаттасудан өтті.
Агенттік төрағасының төрағалық етуімен Орталық аттестаттау комиссиясымен өткізілген сұхбаттасу қорытындысы бойынша келесідей нәтижелер алынды:
1) 52 қызметкер немесе 10,3% өз қызметтеріне сәйкес келеді және кадрлық резервке енгізу немесе жоғары лауазымдарға тағайындалуға ұсынылады;
2) 393 қызметкер немесе 77,3% лауазымдарына сәйкес келеді деп танылды;
3) 38 - лауазымдарына сәйкес келмейді және төмен лауазымдарға тағайындалуға ұсынылады;
4) 16 - лауазымдарына сәйкес емес және басқа қызметтерге (лауазымдарға) ауысуға ұсынылады;
5) 9 қызметкер лауазымдарына сәйкес келмейді және қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығаруға ұсынылады;
Орталық аттестаттау комиссиясында сұхбаттасудан өту барысында тестілеу мен әскери дайындық нәтижелері ғана емес, оған қоса қызметкерлердің жедел жұмыс нәтижелері де ескерілді.
Сонымен, Орталық аттестаттау комиссиясында аттестаттауды өткен 508 қызметкердің 63-і немесе 12,4% аттестаттаудан өте алмады, олардың 38-і - аумақтық департаменттер мен Қаржы полициясы академиясының басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары.
Кезектен тыс аттестаттау нәтижесінде аумақтық қаржы полициясы органдарының басшылық құрамының орта буыны 27% жаңартылды.
Естеріңізге салсақ, аттестаттауды өткізудің басты міндеті болып қаржы полициясы органдарының кадрлік құрамын қоғамның талаптарына сай өзінің қызметтік міндеттерін тиімді атқара алатын қызметкерлерден қалыптастыру табылады.
Кезектен тыс аттестаттаудың келесі кезеңі - аумақтық қаржы полициясы органдары және Қаржы полициясы академиясының жанындағы аумақтық аттестаттау комиссияларындағы сынақтар ағымдағы жылғы тамызда өтеді. Аттестаттауды аумақтық қаржы полициясы органдары және Қаржы полициясы академиясының 2450 қызметкері өтетін болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі және Агенттік Төрағасымен келісілген барлық 17 аумақтық аттестаттау комиссияларының құрамдары бекітілді. Олардың жұмысын аумақтық департаменттер және Қаржы полициясы академиясының бастықтары басқарады.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында аттестациялық комиссиялардың жұмысына қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады.