ОАР-да 27 адам жол апатынан қаза тауып, 80 адам жарақаттанды
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Аса ірі жол апаты жұмаға қараған түні ОАР-ның шығысында орын алды. Оның салдарынан 27 адам тіл тарпай кетті, ал 80 адам жарақаттанды. Оқиға Дурбан портты қаласынан 15 шақырым жердегі Пайнтаун ауылында орын алды. Жүк көлігі басқа автокөліктер тобына соғылған.
Ресейдегі G20 саммитіне қатысып жатқан ел президенті Джейкоб Зуманың орнын басатын Әділет министрі Джефф Радебе оңтүстікафрикалық жүргізушілердің алдына шығып, оларды жолда абайлап жүруге шақырды.