ОАР-да автобус апатқа ұшырап, 28 адам қаза тапты

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Оңтүстік Африка Респубрикасының оңтүстігінде автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 28 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Independent Online жергілікті жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
None
None

Шығыс Кейп полиция басқармасының өкілі Унати Бинкосенің айтуынша, автобус Ист-Лондон мен Баттерворт қалалары арасындағы тас жол бойымен жүріп келе жатқан кезде жүргізуші көпір алдындағы бұрылыста рульге ие бола алмай қалған. Апат салдарынан жүргізушіні қосқанда 28 адам қаза тапты. Алты адам зардап шеккен. Сондай-ақ 20 -ға жуық жолаушы жеңіл жарақаттанған, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Апат орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс жасауда. Жолдың бұл бөлігі ОАР-дағы ең қауіптілерінің бірі. Өйткені оның биіктігі 420 метр және көптеген тік бұрылыстары бар. Бұл жерде оқыс оқиғалар жиі кездеседі.


Соңғы жаңалықтар