ОАР-да бүгін Манделаның өсиетнамасын жариялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделаның қоры 3 ақпанда оның соңғы өсиетін жариялайды.

ОАР-да бүгін  Манделаның өсиетнамасын жариялайды

France Presse елдің конституциялық соты төрағасының орынбасары Дикганг Мосенекеге сілтеме жасап хабарлағанындай, өсиетхат дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша (14.00) түс кезінде жарияланады.

ОАР-дың экс-президенті және Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела өткен жылдың 6 желтоқсанында 96 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді.