ОАР-да қолтырауын гольф ойыншысының ажалына себеп болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОАР-да қолтырауын жарыстан кейін ойын алаңындағы тоғанға тым жақын барған гольф ойыншысы - спортшыны өлтірді.

ОАР-да  қолтырауын гольф ойыншысының ажалына себеп болды

SAPA агенттігі хабарлағандай, қайғылы оқиға Скукуза маңындағы гольф алаңында ОАР-дағы Крюгер Ұлттық саябағында орын алған.

Саябақ қызметкерінің ұлы 29 жастағы Жак фан дер Сандт жапа шекті. Ойыннан кейін ол гольф алаңында бөгет ретінде пайдаланылатын тоғанға жақындаған. Бұл жерде ұзындығы 4 метр болатын қолтырауын жүзіп болған. Ол спортшыны суға тартып алып кеткен. Құтқарушылар тапқанша, Жак ажал құшқан.

л