ОАР-да сегіз жасар бала 61 жастағы әйелге үйленді

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында сегіз жастағы Санеле Масилела есімді бала өзінен 7 есе үлкен әйелге үйленген әлемдегі ең жас күйеу жігіт болып шықты, деп хабарлады Life News Online сайты.
None
None

Бала мен 61 жастағы бес баланың анасы Хелен Шабангумның некелесу тойы Тсване коммунасында 100 қонақтың қатысуымен өтті.

Санеле барлық рәсімді өз еркімен орындады. Оның айтуынша, оған түсінде баяғыда қайтыс болған атасы аян берген. Жас күйеудің отбасы ұлының бұл қадамын шындап қабылдап, екі ай ішінде тойға әзірлік жасап үлгірді.

- Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр, біздің ата-баба рухына бас имеуге лажымыз жоқ, - деді баланың анасы Пэйшнс Масилеле. - Оған Санеле есімі атасының құрметіне қойылған.

Хелен мен Санеле сақина алмасып, бір-біріне адал болуға ант берді. Дегенмен екі отбасы да жергілікті тұрғындардың сынына ұшырады, олар күйеу мен қалыңдықтың жас алшақтығына таңданыс білдіруде.

Дегенмен, некеге тұру рәсімдік сипатта болмақ. Мерекеден соң бала мен оның ересек әйелі үйді-үйіне тарасты. Жас жұбайлар әзірге бірге тұруды жоспарлап отырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар