ОАР-да спортшыларды дайындау төңірегінде дау шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында спортшыларды дайындау төңірегіндегі дау өршіп тұр, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Ақпараттарға қарағанда, ел билігі алдағы уақытта қара нәсілді спортшыларға басымдық беруді қолға алмақ. Қазіргі уақытта ел үшін басымдықты бағыттарда спортшыларды дайындауға бөлінетін квота ақ және қара нәсілді халық арасында тең бөлініп отыр. Ал елдің спорт министрі бұл квотаны бөлуде қара нәсілді азаматтарға басымдық беру қажеттігін айтуда. Бұған бұрынғы президент Фредерик Деклерк қоры наразылық білдіріп, спортта теңсіздік болмауы қажеттігін алға тартқан. Бірқатар партиялар мен қоғамдық қозғалыс та ресми биліктің мұндай бастамасын сынға алуда.