ОАР-да жаз: Аптап ыстықтан 9 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының солтүстік батысындағы провинцияда аптап ыстықтан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.az.

ОАР-да жаз: Аптап ыстықтан 9 адам көз жұмды

Бұл өңірде соңғы он жылда ыстықтың рекордтық көрсеткіші тіркелген. Қазір мұндағы сынап бағанасы 40 градус ыстықты көрсетуде. Аптап салдарынан қайтыс болғандардың жасы 22-58 шамасында. Тағы күн тиген 16 адам ауруханада жатыр.

Айта кетейік, оңтүстік жартышарда қазіргі уақытта жаз мезгілінің қызған шағы, деп хабарлайды 24.kz.