ОАР-да жазушы, Нобель сыйлығының иегері Надин Гордимер өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікафрикалық ағылшын тілді жазушы әрі ақын Надин Гордимер 90 жасқа келген шағында дүниеден өтті.
Reuters агенттігі хабарлағандай, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты ОАР-да,Йоханнесбургте өз үйінде отбасы мүшелерінің ортасында көз жұмды.
Гордимер 1981 жылы жарияланған «Джулай халқы» атты романы арқылы әлемге кеңінен танымал болды.