ОАР-дағы өрт тоғыз адамның өмірін жалмады

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні ОАР-дың ірі қаласы Йоханнесбургтың орталық бөлігінде болған өрттен тоғыз адам қаза тапты. Олардың арасында сәби де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат SABC телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

ОАР-дағы өрт тоғыз адамның өмірін жалмады

«Жұмыссыздар тұрған қараусыз қалған екі қабатты үй таңертең отқа оранды. Өрт кезінде ғимаратта 100-ден астам отбасы болған. Адамдар қашып шығу үшін терезелерден секірген. Өрт салдарынан тоғыз адам көз жұмды», - деп мәлім етті мегаполистің шұғыл қызметінің өкілі Нана Радебе.

Йоханнесбургте қазір қылмыс деңгейі жоғары. Көптеген компания кеңселерін қала маңына көшірді.