13:56, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
ОАР Достастық ойындарын өткізу құқығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікафрикалық Дурбан 2022 жылы Достастық ойындарын өткізбейді, деп хабарлады Синьхуа Достастық ойындары Федерациясына сілтеме жасап.

2016 жылдың ортасында Канада турнир өткізу орны жарысынан өз кандидатурасын қайтарып алған соң, ойындарды өткізу құқығын ОАР жеңіп алған еді. Ережеге сәйкес, ойындарды өткізу құқығын иеленген соң, 180 күн ішінде ОАР жергілікті ұйымдастыру комитетін құра алмады және Федерацияға бастапқы жарнаны төлемеді.
Достастық ойындары Федерациясының президенті Луиза Мартин федерацияның баламалы нұсқаларды қарастыратынын, ойындарды өткізетін жаңа орын іздейтінін мәлімдеді.
"Федерация Оңтүстікафрикалық спорт конфедерациясымен, Олимпиада комитетімен және Оңтүстік Африка Республикасымен ашық диалог орнатуға тырысады. Сондай-ақ, федерация Достастық ойындарын Африка құрлығында өткізуге күш салуға әлі де ниетті», - деді Л.Мартин.