ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден озды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден өтті, деп хабарлады мемлекеттің қазіргі басшысы Джейкоб Зума.
«Біздің халқымыз өзінің сүйікті ұлынан айырылды», - деді Дж. Зума.
Йохансбургте қайғылы хабарды естуге бәрі дайын болды. Осыған дейін БАҚ Н.Манделаның ауыр науқастанып жатқанын хабарлаған болатын - оның үйінің жанында жедел жәрдем көліктері мен көп адам жиналып қалған.
95 жастағы Н.Мандела 2013 жылдың маусымынан бері денсаулығы нашарлап, ауыр халде жатты, деп хабарлады CNN.
Н.Мандела - ОАР бірінші қара нәсілді президенті (1994-1999жж.), адам құқығы үшін жанын сала жұмыс істеген, аты аңызға айналған танымал күрескерлердің бірі. Ол өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.