14:30, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
ОАР Президенті мемлекеттік бюджет қаражатына өзіне бассейн мен амфитеатр салып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума өзінің резиденциясының қауіпсіздігіне бөлінген мемлекеттің 23 млн. доллар қаражатын талан-таражға салғаны белгілі болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, ол аталған қаржыны өзіне тиесілі учаске аумағында бассейн, мал қора және амфитеатр салуға жұмсаған. ОАР-да өтетен президенттік сайлаудан 6 апта бұрын жария етіліп отырған жемқорлыққа қарсы баяндамада Д.Зуманың және оның аппарат мүшелерінің көптеген заң бұзушылықтары кеңінен жария етілген. Аталған құжатты дайындаушылардың пікірінше, халыққа жария етілген бұл мәліметтер президенттің мақсатсыз пайдаланған қаражатының тым болмағанда жартысын мемлекет қазынасына қайтаруына түрткі болуы ықтимал.