Обама: АҚШ Ауғанстаннан өзінің әскерін 2016 жылға қарай толық шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрама Штаттар Ауғанстандағы өзінің әскери миссиясын 2014 жылы аяқтайды. 2015 жылдың басында онда 9,8 мың американдық әскери қызметшілер қалады, келесі жылдың соңында олар екі есе азаяды. ал одан кейінгі жылда американдық әскерлер елден біржолата шығарылуы жоспарлануда. Бұл туралы АҚШ Президенті Барак Обама Ақ үйде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Обама: АҚШ Ауғанстаннан өзінің  әскерін 2016 жылға қарай толық шығарады

«Біз бастаған ісімізді аяқтап келеміз. Соңғы бірнеше жылдың ішінде біз елдегі қауіпсіздік жауапкепршілігін ауған халқына берумен айналыстық, деп мәлімдеді Обама. Бұдан бір жыл бұрын ауған әскерилері әскери операцияларға қолбасшылық етуді өздеріне алды. Сол кезден бері олардың саны да, күш-қуаты да арта түсуде, сонымен қатар олар өз елінің игілігі үшін үлкен құрбандықтарға да барды. Бұл өз кезегінде біздің өз әскерлеріміздіің санын 100 мыңнан бүгінгі күні шамамен 32 мың адамға дейін қысқартуымызға мүмкіндік берді».

«2014 жыл бетбұрысты кезең болады. Біз өз орақтастарымызбен және ауған үкіметімен бірге биылғы жылы Ауғанстандағы өз миссиямызды аяқтау жөнінде шешім қабылдадық», деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент АҚШ «Ауғанстанмен 2014 жылдан кейін де екі негізгі бағыт бойынша: ауғандық әскерлерді даярлау және елде қалып отырған «Әл-Каида» содырларымен лаңкестікке қарсы операцияларды қолдау үшін ынтымақтастыққа ашық", деп атап өтті.

Обама сондай-ақ «егер Ауғанстан үкіметі біздің үкіметтеріміз арасында талқыланған қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қоятын болса, АҚШ 2014 жылдан кейін де әскери қатысуын қарастырады», деп атап көрсетті. «Президенттк сайлаудың соңғы турында екі үміткер деқызметтеріне кірскеннен кейін келісімге қол қоятынын білдірді», деп қосты мемлекет басшысы.

Ақ үйдің ресми өкілі сейсенбі күні мемлекет басшысы Ауғанстан, Германия, Ұлыбритания және Италия көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескенін онда, американдық әскерлерді Ауғанстан аумағынан шығару мәселесі талқыланғанын айтты. «Бүгін таңертең Обама Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен телефон арқылы сөйлесіп, оған өзінің шешімін хабарлады" деді Ақ үйдің ресми өкілі журналистермен сұхбатында.

Вашингтон мен Кабул арасындағы қауіпсіздік саласындағ ынтымақтастық туралы екіжақты келісім американдық әскери контингенттің Ауғанстанда 2014 жылдан кейін де қатысуын қарастырады.

2014 жылдан кейін де Ауғанстандағы әскери қатысуды сақтап қалу АҚШ бюджетіне шамамен 20 млрд. долларға түседі. Бұл туралы СNN телеарнасына берген сұхбатында американдық президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары Тони Блинкен мәлім етті.

Мұндай шығынның қандай қажеттігі бар, деген сұраққа Блинкен «Біз бастаған жүмысымызды аяқтауға тиіспіз», деді. Сонымен бірге ол «АҚШ шексіз әскери қимылдар жүргізе алмайды», деп атап өтті.

Ауғанстан мен Пәкістанның әскери қолбасшылығы Америка Құрама Штаттарының 2016 жылдың соңына дейін бірнеше мың американдық әскери қызметшілерді ауған аумағында қалдыратыны туралы шешімін оң бағалады.