Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Обама АҚШ-тағы төтенше жағдайды 1 жылға ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама сейсенбі күні 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестік оқиғадан кейін жарияланған лаңкестік қауіпке байланысты төтенше жағдай режімін 1 жылға ұзартты.

Обама АҚШ-тағы төтенше жағдайды 1 жылға ұзартты

Мемлекет басшысының өкімінде төтенше жағдай режімін 1 жылға ұзарту шешімі лаңкестік қауіптің әлі де сақталып отырғанына байланысты екені айтылған.

Еске сала кетейік, 2001 жылы 14 қыркүйекте сол уақыттағы АҚШ Президенті Джордж Буш Нью-Йоркте 11 қыркүйекте болған лаңкестік оқиғадан кейін елде ТЖ режімін жариялаған болатын.