Обама АҚШ-тың қазіргі президенті Трампқа қарсы наразылықтарды қолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама өзінің ізбасары Дональд Трампқа қатысты наразылықтарды қолдады. Бұл туралы Politico басылымы жазуда.
Обаманың пікірінше, наразылық акцияларына шығып жатқан азаматтар жиналыс ұйымдастыруға өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда.
Обама босқындарды қабылдауды тоқтату туралы Трамптың шешімі америкалық құндылықтарға қауіп туғызып отырғандығын атап өтті.
Айта кетейік, Трамп 27 қаңтар күні грин-карталарды иеленушілерге - Иран, Ирак, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан азаматтарына АҚШ аумағына тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Онымен қоса, 120 күн мерзімге сириялық босқындарды қабылдау тоқтатылды. Қол қойылған құжатта атап өтілгендей, сириялық мигранттардың келуі АҚШ мүдделеріне залал келтіруде.
АҚШ президенті өз шешіміне қатысты пікір білдіре келе, бұл шара мұсылмандарға қарсы емес, лаңкестерге қарсы бағытталғандығын түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, барлық елдер азаматтарына визаларды беру 90 күн ішінде қауіпсіздік саясатында қосымша шаралар қабылданған сәтте қайта жандандырылатын болады.