Обама Бельгия премьер-министріне екі жәшік сыра жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия Премьер-Министрі Элио Ди Рупо Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионаты кезінде екі ел құрамалары арасындағы ойынға бәс тігіп, ұтқаны үшін Барак Обамадан екі жәшік америкалық сыра алды, деп жазады ВВС.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Бельгия мен АҚШ құрамаларының ойындары басталар тұста Бельгия Үкімет басшысы бәсте жеңілген жақ екі жәшік сыра беретінін айтып, Twitter желісінен Обамаға шыққан.
27 шілдеде «қызыл перілер» аталып кеткен бельгиялық құрама команда ойыншылары 2:1 есебімен жеңіске жетті. Енді Бельгиядағы АҚШ елшілігі Брюссельге Ди Рупо үшін Обаманың атынан екі жәшік «Сэмюэл Адамс» сырасын жеткізгенін хабарлады. Мұны бельгиялық премьер де растады.