Обама біржыныстылар некесін заңдастыруды құптады

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама біржыныстылардың некесін заңдастыру мәселесін көтерді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
None
None

«Меніңше, біржынысты адамдардың да заңдық некеге отыруға құқы бар» деп мәлімдеді ол жергілікті телеарналарға берген сұхбатында. Оның айтуынша, біржыныстыларға некеге отыруға мүмкіндік беру қажеттігі жөніндегі тұжырым оған көпжылдық талқылаулардан кейін пайда болды. Бұл мәселені АҚШ әкімшілігінде де отбасында, достар мен туыстар арасында талқылаған. Бұл пікірді өзінің жұбайы Мишель Обама да қуаттайтынын айтып өтті. Жақын болашақта мұның заңдық негізде қабылданатынын мәлімдеді.

Айта кетерлігі, 2010 жылы Барак Обама бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасы әлі жоқ екенін айтқан еді. Бірнеше күн бұрын ғана бұл мәселені АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден де сөз еткен болады. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, бұл Барак Обаманың сайлау алдындағы іс-қимылдарының бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар