Обама БҰҰ-да сөз сөйлейтін уақытынан кешікті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлейтін уақытынан кешікті, деп хабарлады ресейлік РИА Новости агенттігі.
«Ассамблеяны қабылдайтын ел әзірге бізбен бірге емес», - деп хабарлады Бас Ассамблея сессиясының төрағасы.
Обама кешіккен соң сөз Чад президенті Идрис Дебиге берілді.
Бұдан бұрын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун сөйледі, ол күллі әлемнің саясаткерлерін мигранттар мен мұсылмандарды қудалаудан бас тартуға шақырды.