Обама Джон Кеннедидің қызына АҚШ-тың Жапониядағы елшісі болуды ұсынды
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама бұрынғы америкалық президент Джон Кеннедидің қызына АҚШ-тың Жапониядағы елшісі болуды ұсынды.
Кэролайн Кеннеди 2008 және 2012 жылдары сайлауалды науқан кездерінде Барак Обаманың кандидатурасын қолдаған.
Жапония АҚШ-тың ірі сауда әріптестерінің бірі. Бұған дейін бұрынғы вице-президент Уолтер Мондейл және өкілдер палатасының спикері Том Фоли Токиода АҚШ елшісі болған еді.
Кэролайн Кеннеди - қазіргі таңдағы Джона мен Жаклин Кеннедидің көзі тірі жалғыз қызы, деп хабарлайды Утро.ru.