Обама екі мерзімге президент болғысы келетінін мойындады

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат  - Барак Обама Ақ үйде екінші мерзімге  де қалуға  ниеті бар екенін  айтып қалды. 

Обама  екі  мерзімге  президент  болғысы келетінін мойындады

 «Келесі    8 жылда,  ең  болмағанда, келесі    4 жылда, нақтырақ айтқанда 3 жыл    1 айда қазіргі  жұмыс  орныма   сенімдімін,   және  біз инфрақұрылым құру ісіне жаңа  қарқын беру,     өзара қарым-қатынастардың  жаңаша түрлерін    құру  үшін  қолымыздан  келгеннің бәрін  істеуге  тырыспақпыз»,  деп  мәлім етті Обама  бейсенбі күні    АҚШ-тың   байырғы    халықтары көшбасшыларының     конференциясында.

 Обама  кеше     президент болып сайлануының  1 жылдығын атап өтті.  Ал   президенттігінің  1 жылын    ол қаңтардың  20-да,  инаугурацияның   бір жылдығы күні атап өтеді.  Келесі  президенттік сайлау АҚШ-та 2012   жылдың  қараша айында  болады.