Обама екінші мәрте "Жыл адамы" атағына ие болды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама американдық Time журналының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атағына ие болды, деп хабарлайды «РИА Новости».
Американдық президент бұл атақты екінші мәрте жеңіп алып отыр, алғаш рет журнал редакциясы оны 2008 жылы марапаттаған еді.
Таңдау жөнінде сәрсенбі күні NBC телеарнасының эфирінде хабарланды. Обамадан басқа үміткерлер қатарында Хиллари мен Билл Клинтондар, Мысыр Президенті Мұхаммед Мурси, Apple бас директоры Тим Кук мен Yahoo интернет-компаниясының басшысы Марисса Майер, әйелдер құқығы үшін күрескен 15 жасар пәкістандық Малала Юсафзай және т.б. болды.
Бұл сыйлық өтіп бара жатқан жылдағы оқиғаларға ең елеулі әсер еткен тұлғаға беріледі.