Обама ХАМАС басшыларымен байланыс орнатуға ниет танытып отыр

ЛОНДОН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Барака Обаманың ұлықтауы өткізілгеннен кейін өзінің міндетін орындауға кірісетін АҚШ-тың жаңа үкіметі ХАМАС-пен байланыс орнату мүмкіндігін қарастырмақшы,

Обама ХАМАС басшыларымен байланыс орнатуға ниет танытып отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Британияның The Guardian газеті бүгін хабарлағанындай, Обама палестиналық қозғалысты халықаралық оқшаулауға әкелген ХАМАС-ты лаңкестік ұйым деп жариялаған қазіргі президент Джордж Буштың саясатын қолдамайды. Байланыс арнасын американдық барлаушылардың қызметкерлері қалпына келтіретін болады. Хабарламада Обама осы кезеңде ХАМАС-пен тікелей келіссөздерді жүргізуді жоспарлап отырған жоқ. Жаңа президент кеңесшілерінің ұсынысына сай байланыстар «төменгі деңгейде» жүзеге асырылуы тиіс.