Обама ХҒС бортына телефон шалды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Ақ үй басшысы жұма күні Халықаралық ғарыш стансысының бортына, онда жұмыс жасап жатқан астронавтарды құттықтау және «Атлантис» шаттлы миссиясының астронавтарына Жерге аман есен-оралуына тілек білдіру үшін телефон шалды, деп хабарлады Росбалт.

Обама ХҒС бортына телефон шалды

Президент «Атлантис» миссиясы «ғарышты зерттеу мен ұшқыш басқаратын ұшулар шекарасын кеңейтетін жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді», - деп атап өтті.

Ақ үйдің баспасөз қызметі Президент қоңырауы жөнінде басқа ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Атлантис» Флорида штатына 21 шілдеде қонады. Бұдан бұрын Жерге оралу 20 шілдеге белгіленген болатын, бірақ та одан кейін миссия тағы бір қосымша күнге ұзартылды.