14:09, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Обама инаугурациядан кейін шетелдік аудитория үшін алғашқы сұхбатын берді
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама кеше араб тілді Al Arabia жаңалықтар телеарнасына сұхбат берді,

бұл Обаманың инаугурация рәсімінен кейін шетелдік аудиторияға беріп отырған алғашқы сұхбаты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Ақ үй өкілдерінің хабарлауынша, Обама сұхбатында мұсылман елдерімен жаңа серіктестікке өз әкімшілігінің бастамашы болуға әзір екенін қуаттап, Израильдің «АҚШ-тың берік одақтасы» болып қала беретінін атап көрсеткен.