Обама қара нәсілді америкалықтарды Клинтонға дауыс беруге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат. АҚШ-тың қара нәсілді сайлаушылары әдеттегіше Демократиялық партияға басымдық береді, деп хабарлайды www.bbc.com.

Обама қара нәсілді америкалықтарды Клинтонға дауыс беруге шақырды

АҚШ-та болатын президент сайлауында Хилари Клинтонға дауыс бермеген афроамерикалықтардың әрекеттері АҚШ президенті Барак Обаманың намысына тиді деп бағаланатын болады. Бұл туралы АҚШ-тың президенті Барак Обаманың өзі мәлім етті.

Жақтастарының алдында сөз сөйлеген Обама өзінің тегінің сайлау бюлетеньдерінің тізімінде жоқ екендігін, алайда, Клинтон оның жолын жалғастыратындығын ескертті.

АҚШ-тың іс басындағы президенті өзінің республикалық партиядағы қарсыластарына мән-мағынасыз көпірме сөздерімен ұлттық азшылықтардың дауыс берулеріне айтарлықтай кедергі келтіріп отырғандықтарын айтты.