Обама Карзайды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА.  Қарашаның  3-і.  ҚазАқпарат -  Ақ үй  Хамид  Карзайды   Ауғанстанның  заңды сайланған  басшысы деп  таныды.    Барак Обама  Ауғанстанның  жаңа президентін   үкімет  жұмысын    жақсартуға  шақырды  және   сыбайлас жемқорлықпен  күреске  көбірек    назар    бөлуді  талап етті,
None
None

деп   хабарлайды   «Маяк»  радиосы.


Екі президенттің арасындағы  телефон  әңгімесі   дүйсенбі күні кешке  болды.  «Мен  президент  Карзаймен    сөйлесіп,    екінші мерзімге сайлануымен   оны  құттықтадым.   Сайлау  барысының  шиеленісті  болғанына   қарамастан,       нақты қорытындының  ауған заңнамасына  сәйкес   шығарылғанына  қуаныштымын»,  деп  мәлім етті Обама.

Ауғанстанның Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылғы қарашаның 7-сіне белгіленген президенттік сайлаудың екінші турының өтпейтіні туралы шешім қабылдап,

қазіргі мемлекет басшысы Хамид Карзайды елдің президенті деп жариялағанын ҚазАқпарат   бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар