02:24, 25 Шілде 2015 | GMT +5
                                        Обама Кенияда әжесімен бірге кешкі ас ішті (ФОТО)
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ президенті Барак Обама өзінің әжесімен және өзге де отбасы мүшелерімен бірге әкесінің отаны Кенияда кешкі ас ішті.  
                                        
                                        
                                     
                                              Reuters-тің хабарлауынша, Обама, оның әжесі, өгей әпкесі Аума Обама және бірнеше туған-туыстары америкалық президент тоқтаған Найроби отелінде бірге тамақтанған.
Бұдан бұрын кениялық әуежайда Обаманы елдің президенті Ухуру Кениата қарсы алғаны хабарланған болатын. Америкалық көшбасшының сапарына орай Кенияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.