Обама Кеннедидің қызын Жапониядағы елші қызметіне ұсынды
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Кэролайн Кеннедиді Жапониядағы елші қызметіне бекіту мақсатында оның кандидатурасын конгрестің қарауына енгізді.
Ақпарат көзіне сілтеме жасаған Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Кэролайн Кеннеди АҚШ-тың Жапониядағы елшісіне үміткер ретінде сәуір айының басынан бері қарастырылып келеді.
Егер Кэролайнның кандидатурасы бекітілсе, ол АҚШ-тың Токиодағы алғашқы нәзік жанды елшіге айналмақ.
Кэролайн Джон Кеннеди мен оның әйелі Жаклиннің қызы, тірі қалған жалғыз балалары.