08:29, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Обама қолжетімді медициналық көмек туралы заң жобасының кейін қалдырылуына жол бермейтіндігін мәлімдеді
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Obamacare деген бейресми атқа ие болған қолжетімді медициналық көмек туралы заң жобасының қабылдануы үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығын мәлімдеді.

Мэриленд штатында Роквилле қаласында құрылыс компаниясының жұмысшылары алдын сөйлеген сөзінде Обама конгресте республикалықтардың көшбасшысы Джон Бейнердің 1 қазаннан бері жалғасып келе жатқан барлық федералдық мекемелердің жаппай күйреуін тоқтататын қазыналық 2014 жыл бюджетіне дауыс беруге қарсылық білдіргенін сынға алды.
Обама конгрессмендерді бюджет жобасы үшін шұғыл түрде дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ, заңның кері қайтарылуына жол бермейтінін мәлімдеді. «Бұл бағдарлама аса маңызды әрі ұзаққа жалғасады», - деп мәлімдеді ол.