Обама Ливияға қарсы құпия операция бастады
АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Америка Құрама Штаттары әскерлерінің Ливияға қарсы құпия операция бастауы жөнінде жасырын өкімге қол қойды.
Операция көтерілісшілердің Ливия көсемі Муаммар Каддафиге қарсы күресіне көмекке бағытталған. Бұл туралы ABC News агенттігіне сілтеме жасап Лента.ру хабарлайды.
Өкімде тосын жағдайлар туа қалған кезде Каддафи армиясына қажетті қару-жарақ сақтайтын орындардың сызбалары нақтыланған. Алайда осы кезеңде көтерілісшілерге қару-жарақты қалай беру керектігі туралы нұсқаулар көрсетілмеген.
Ақ үйдің өкілдері мәліметтердің құпиялық сипатына жүгініп, бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. "Көтерілісшілерді қару-жарақпен жабдықтау жөнінде шешім қабылданған жоқ. Біз жоққа шығармаймыз мұндай мүмкіндікті, сонымен қатар растамаймыз да. Біз Ливия халқын қолдаудың барлық мүмкіндіктерін бағалап, қарастырудамыз", - делінген Барак Обама өкілдерінің мәлімдемесінде.