Обама: Мемлекеттік қарыздың шегін көтеру жөніндегі келісімге қол жеткізілді
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Барак Обама 1 тамыз, дүйсенбіге қараған түні, Сенаттағы республикашылар мен демократтардың өкілдері және АҚШ Конгресіндегі Палата өкілдері
АҚШ-тың мемлекеттік қарызының лимитін өсіруді қарастыратын заң жобасы бойынша келісімге келгендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Вigmir.net. агенттігі.
«Мен екі партия мен екі палата (АҚШ Конгресі) басшыларының зәрулікті (бюджеттің) азайтатын келісімге қол жеткізгендігін жариялағым келеді, ол біздің экономикамызды күйретуге бағытталған дефолттан құтылуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді АҚШ президенті Ақ үйде сөйлеген сөзінде.
Обамамен АҚШ Сенатындағы республикалық азшылық басшысы Митчель Макконнель мен Сенаттағы демократиялық көпшілік басшысы Гарри Рид арасындағы болған әңгіме барысында қол жеткізілген келісім жексенбі күні сағат 11-де өткен болатын.
Обама конгрессмендерді «таяудағы күндері» мемлекеттік қарызды үш триллион долларға көтерудің екі кезеңдік жоспарын мақұлдауға шақырды.