Обама мемлекеттік қызметшілерге рөлде отырғанда SMS жазуға тыйым салды
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама мемлекеттік қызметшілерге рөлде отырғанда мәтіндік хабар жазуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Президенттің өкіміне сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне қызметтік автомобильдің рөлінде отырғанда «мәтіндік хабар жазумен айналысуға болмайтыны» жөнінде бұйрық берілді. Тыйым сондай-ақ жұмыс бабымен кетіп бара жатқан уақытта жеке көлік құраладарының рөлінде отырған мемлекеттік қызметшілерге де қолданылады.