07:23, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Обама отбасымен бірге Атлантика мұхитындағы аралға аттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ басшысы Барак Обама отбасымен бірге Мартас-Винъярд курортына (Массачусетс штат) демалуға аттанып кетті, деп хабарлады президенттік пулдың журналистері.
Ол астанаға 23 тамызда оралады.
Оған еріп жүрген журналистердің айтуынша, Обама Ақ үйден зайыбы және кіші қызымен бірге шыққан.
Мартас-Винъярд курорты Атлантика мұхитында Массачусетс штаты жағалауына жақын шағын аралда орналасқан. БАҚ хабарлауынша, АҚШ президенті 4 гектар аумақты алып жатқан, құны 12 миллион долларды құрайтын виллада тұратын болады