Обама Порошенконы Ақ үйге кездесуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барака Обама 18 қыркүйекте Ақ үйде украиндық әріптесі Петр Порошенкомен кездесу өткізеді, деп хабарлады америкалық президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтемемен ВВС.
None
None

Обама Порошенкомен Украинаның шығысындағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу мәселесін талқыламақ деп хабарланды.

Сондай-ақ АҚШ егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолындағы күресте Украинаны қолдауын жалғастыратынын атап өтті.

Кеше АҚШ Президенті Барак Обама Ресейді Украина шығысында зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптады.

БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин дағдарысты «өз халқына қарсы соғыс жүргізіп жатқан Киевтің жауапсыз саясатының тікелей салдары» деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар