Обама президенттік сайлауда алда келеді

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Pew Research Center орталығы жүргізген мәліметтерге қарағанда президенттік сайлауда алда келе жатыр, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Зеттеу нәтижелеріне сәйкес, сұралғандардың 51 пайызы Обаманы қолдайтындықтарын және оның қайта президенттікке сайлануын құп көретіндіктерін айтқан. Өз кезегінде Обаманың қарсыласы Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромниді тұрғындардың 41 пайызы қолдайтын болып шықты.

Бұл көрсеткіштер шілдедегі сауалнамалардың нәтижесі. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жүргізіліп келе жатқан Pew Research Center орталығының соңғы 8 сауалнамасына зер салсақ, Обама 4-тен 12 пайызға дейінгі айырмашылықпен үнемі көшбасшылығын сақтап тұр.

Сауалнама 16-26 шілде аралығында жүргізілді, сұрақтарға 2 мың 508 американдық жауап берді.

Айта кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау 6 қарашада өтеді.

Соңғы жаңалықтар